428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбритания түрмесінде туристер бір күн тұтқын бола алады

  • 103
  • UPD: 11:30, 07.10.2020
Ұлыбритания түрмесінде туристер бір күн тұтқын бола алады

Ұлыбританияның ең танымал түрмесінде ерекше туристік орын ашылды, деп хабарлады The Sun.

Ұлыбританиядағы ең ежелгі түрмесі Шептон-Моллетде туристер бір тәулік тұтқын бола алады.

Түрмеде бір күн тұрудың құны – 49 фунт. Тур бағасына сұлы ботқасынан тұратын түрменің таңғы асы, сонымен қатар бір адамдық камерада түнеу кіреді.

Аңыз бойынша түрмеде Ақ ханымның елесі де тұрады. Ол адам өлтіргені үшін өлім жазасына кесілген. Елесті көру үшін туристер кешкі сағат 9-дан таңғы 3-ке дейін түрме аумағына экскурсия жасайды.

Хабар 24 телеарнасы