432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ош пен Бішкектің мэриясын кім басқарып отырғаны белгісіз

  • 112
  • UPD: 13:27, 07.10.2020

Бішкекте жағдай тұрақталды. Бірақ өткен түнде де Қырғызстанда тәртіпсіздіктер тіркелді. Белгісіз топтар Бішкек орталығында ойран салып, сауда нысандарын қиратты.

Кейін митингіге шыққандар мемлекеттік резиденцияға қарай бағыт алды. Ереуілшілер ол жерде мемлекет басшысы бар деп ойлаған. Алайда халық жасақшылары шерушілерге тосқауыл болып, стратегиялық нысанға басып кіруге жол бермеді. Жасақшылар өзге де нысандарды қорғауға алды. дегенмен, таңға қарай жағдай тыныштала бастаған. Алайда қаладағы тәртіпті қалпына келтіруге жергілікті полицейлер мүлдем атсалыспаған көрінеді. Бұдан бөлек, кейбір стратегиялық маңызы бар мекемелерді тонау мен басып алу әрекеттері болды деген ақпар бар. Нақтырақ айтқанда, екі алтын кен орнында белгісіз біреулер мүлікті әкетуге тырысқан. Сонымен қатар, бәзбіреулер Бішкек пен Ош қалалары әуежайлары мен кейбір телеарналардың  басшылығын ауыстырмақ болған. Жалпы осы уақытқа дейін Ош пен Бішкек мэрияларын кім басқарып отырғаны белгісіз.

Айта кетейік, жуырда парламент депутаттарының бір бөлігі ел премьер-министрі Садыр Жапаровтың кандидатурасын мақұлдаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы