427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ТМД елдеріне тауар импорты азаяды

  • 79
  • UPD: 12:11, 07.10.2020

Дүниежүзілік сауда ұйымы биылғы әлемдік сауда айналымына қатысты божамын өзгертті. Халықаралық құрылымның мәлімдеуінше, биыл дүниежүзілік сауда бұған дейін хабарланғандай 13 емес, 9,2 процентке төмендеуі мүмкін. Бірақ келесі жылы сауда-саттық 7,2 процентке өседі деген болжам бар. Мысалы, Еуропада импорт көлемі артса, экспорт бойынша Солтүстік Америка алға шығуы ықтимал. Дегенмен, мамандар кей аймақтарда сауда қарқыны бәсеңдейді деп отыр. Таяу Шығыс пен ТМД елдерінде тауар мен қызмет импорты азаймақ.

Ксяоджун Йи, ДСҰ Бас директорының орынбасары:

- Сауда коронавирус індетімен күресте шешуші роль ойнады. Оның арқасында әлем елдері аса маңызды таурлар мен дәрі-дәрмекке қол жеткізе алды. Бірақ індеттен кейін әлемдік саудаға оқшаулану саясаты кері әсер ете ме деген қауіп бар. Сондықтан дүние жүзі елдері ынтымақтастықты күшейтуі қажет.

Хабар 24 телеарнасы