432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2020 жылдың қыркүйегі тарихтағы ең жылы қыркүйек деп танылды

  • 108
  • UPD: 12:30, 07.10.2020
2020 жылдың қыркүйегі тарихтағы ең жылы қыркүйек деп танылды Профиль

2020 жылдың қыркүйегі ғаламшарда және Еуропада ең жылы қыркүйек деп танылды.

Бұл туралы Copernicus Climate Change Service (CCCS) ұйымы хабарлады.

- Ғалымдар 2020 жылдың қыркүйегі 2019 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 0,05 градусқа жылы болғанын анықтаған. Осылайша биылғы қыркүйек метеобақылаулар тарихындағы ең жылысы болып саналды, - делінген мәліметте.

Бұлай болатыны, былтырғы қыркүйек те жылы температура бойынша рекорд орнатқан болатын.

CCCS хабарлауынша, Сібірдің арктикалық аймағындағы температура орта деңгейден артық болған.

Хабар 24 телеарнасы