Тәжікстанда күші 4,1 балдық жер сілкінісі тіркелді.
Табиғи апат ошағы Таулы Бадахшан аймағынан 10 шақырым жерден өтіп, кіндігі 106 шақырым тереңдікте болды.
Жер сілкінісінен қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат түскен жоқ.
Жерасты дүмпулері туралы айтып, билікке бір тұрғын хабарласқан.
Айта кету керек, тәжіктің Таулы Бадахшан аймағы Ауғанстанмен шекаралас орналасқан.
Аударған: Г.Абилова