432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та жұмысшы визасын беру тәртібі қатайтылады

  • 75
  • UPD: 13:42, 07.10.2020
АҚШ-та жұмысшы визасын беру тәртібі қатайтылады

АҚШ-та жұмысшы визасын беру қайта қатаңдатылады. Бұл туралы елдің Ішкі Қауіпсіздік министрлігі мәлімдеді.

Жаңа тәртіпке сай енді шетелден қызметкерлерді шақыруға мүмкіндік беретін мамандықтар тізімі қысқарады. Ал шетелдік азаматтарды жұмысқа шақыратын компанияларға бақылау күшейтілмек. Мысалы, мұндай бірлестіктер шетелдік маманға жалақы көлемін көтеруі тиіс.

Айта кетейік, Дональд Трамп әкімшілігі жұмысшы визасын беру мәселесін бірнеше рет қатаңдатуға тырысқан. Маусым айында америкалықтарды жұмыспен қамту үшін бірқатар визаны беруді тоқтату туралы мәлімдемеге қол қойды.

Хабар 24 телеарнасы