427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус әлемдегі ең бай адамдардың дәулетіне қалай әсер етті

  • 115
  • UPD: 14:38, 07.10.2020
Коронавирус әлемдегі ең бай адамдардың дәулетіне қалай әсер етті

Әлемдегі миллиардерлердің қаржылық жағдайы биыл шілденің соңында 10,2 триллион долларға жетті. Бұл – жаңа тарихи рекорд.

«Бұл деңгей алдыңғы рекордтан асып түсті, яғни 2017 жылдың соңында бұл көрсеткіш 8,9 трлн доллар болған», - делінген UBS Швейцария банкі мен PwC халықаралық консалтингтік компаниясының хабарламасында.

Сонымен қатар биыл сәуір айынан бастап әлемдегі миллиардерлердің қаржылық жағдайы 27,5% өскен, яғни оған дейін көрсеткіш 8 трлн долларды құрады.

Ұйымдардың мәліметінше, қазір әлемде 2189 миллиардер бар, ал сәуірдің басында 2058 миллиардер болған.

Хабар 24 телеарнасы