428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Навальный «Новичоктен» уланған – Халықаралық ұйым

  • 54
  • UPD: 15:01, 07.10.2020

Алексей Навальный «Новичок» тобына жататын жүйкелік-салдандырушы затпен уландырылған. Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының мамандары осындай мәлімдеме жасады. Олардың айтуынша, дәл осы зат тыйым салынғандардың қатарынан емес. Алайда өзінің құрылымы бойынша 2019 жылы тыйым салынған өзге 4 затқа ұқсас көрінеді.

Хайко Маас, Германия Сыртқы істер министрі:

- Германия, Швеция және Франция зертханалары Алексей Навальныйдың «Новичок» тобына жататын жүйкелік-салдандырушы затпен уландырылғанын анықтады. Мұны Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы растап отыр. Енді ұйым анализ нәтижелерінің БҰҰ-на мүше 193 елдің барлығына қолжетімді болуын қамтамасыз етеді. 

Айта кетейік, Германияның сыртқы істер министрі бұған дейін Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы Навальныйдың «Новичокпен» уланғанын растаған жағдайда Ресейге қарсы жаңа санкция салынатынын мәлімдеген еді. Өз кезегінде Ресейдің Мемлекеттік думасы аталған ұйымның ұйғарымында саяси астар бар екенін айтады.

Хабар 24 телеарнасы