428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украина тұралаған театрларға технология көмегімен дем бермек

  • 62
  • UPD: 15:16, 07.10.2020

«360 градустағы театр»: Украинада бірегей жоба жүзеге аса бастады. Мақсат – пандемия кесірінен мүлдем тоқырап қалған театр өнерін инновациялық техниканың көмегімен дамыту. Атап айтқанда, декорация мен актерлердің 3Д көшірмесі жасалып, театрдағы спектакльдердің видеонұсқасы түсірілуде. Дайын диджитал өнім ғаламтор арқылы тегін көрсетілмек. 

Шығармашылық және техникалық құрамның 70-ке жуық адамы сахнада қызу еңбекке кіріскен. 300 орынға арналған залда бір де бір көрермен жоқ, алайда 4 бірдей камера қосулы тұр. Дәл осы сахнада, Украинаның театр өнерінде бұрын соңды жасалмаған жаңа бағыты: «визуалдық жанр» өмірге келуде. Театр спектальдерін қалың көрерменге инновациялық техниканың көмегімен 360 градустағы қырынан көрсету нысанаға қойылған. Әрине мұнда әртістердің ойыны өз алдына әр декорация мен детальға мән біріліп, қойылымды камераға барынша түрлендіріп түсіру талап етіледі. 

Наталия Чижова, жобаның сопродюсері:

- Өнер мен технологияны біріктіру негізінде, біз «визуалдық жанр» деген жаңа бағытты жасап жатырмыз. «360 градустағы театр» жобасы аясында «фотограмметрия» деген технологияны қолдандық. Қарапайым сөзбен айтқанда 3D  сканерлеу, арнайы бағдармалама аясында виртуалдық алаң жасалып, спектакль мүлдем жаңа қырынан таспаланады.  

Жоба жоспары бойынша он спектальдің видео түсірілімі жасалмақ, одан кейін материал монтаждалып, шамамен бір айдан кейін қойылымның онлайн нұсқасы украиналық көрерменге жол тартпақ.

«Алғашқы 10 өнім сайт арқылы тегін таратылмақ, кейін видеоспектальдерді сатуды көздеп отырмыз» дейді жоба жетекшілері. 

Дарья Малахова, жоба авторы, әртіс:

- «Украина тұрғындары үшін қолжетімді дүние жасағымыз келді, онлайн театр арқылы офлайн көруге шақырамыз. Онлайн спектакльдің тамашасы сол – актерлер бір рет қана ойнайды, шығыны аз дүние шынын айтқанда. 

Атап өту керек, Украинада коронавирустың таралуы өршіп тұр, тәулігіне вирус жұқтырғандар саны 4,5 мыңға жуықтады, бір тәулікте қайтыс болғандар 90 адамға жетті. Киев қаласы бойынша бүгінде театр және  кинотеатрлар «50 де 50 қағидасы» бойынша жұмыс жасауда. Бұл дегеніміз, залдағы көрермендер саны екі тіптен үш есеге дейін аз.

«Содан болар осындай дағдарыс кезінде театр саласына барынша қолдау көрсеткіміз келеді» дейді жаңа жобаның авторлары. 

Авторлар: Аида Қыдырбай, Петро Борейко

Хабар 24 телеарнасы