430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бішкектегі қақтығыстар кезінде 800-ге жуық адам жараланды

  • 143
  • UPD: 15:54, 07.10.2020

Бішкекте соңғы екі күнгі тәртіпсіздіктер кезінде 768 адам жарақат алған. Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Өткен түні қалада тонаушылық белең алған. Белгісіз топтар дүкендердің терезелерін шағып, дәмханалар мен сауда орындарын талқандаған. Салдарынан халық тәртіпті қалпына келтіруді өз қолына алып, жасақтар құрған. Жоғарғы сот та азаматтарды бұзақылықтан бас тартуға шақырды. Ал елдегі банктер қауіпсіздік мақсатында жұмыстарын тоқтатқан. Дегенмен, милиция қала көшелеріне қайта оралып, өз міндетін атқаруға кірісті.

Еске сала кетейік, бұған дейін парламент шұғыл отырыс кезінде елдің жаңа премьер-министрі етіп Садыр Жаппаровты тағайындады. Оны қазанның 6-сы күні шерушілер түрмеден босатып алған еді.

Хабар 24 телеарнасы