432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Францияда тұрғындары тастап кеткен ежелгі қоныс табылды

  • 128
  • UPD: 10:39, 08.10.2020
Францияда тұрғындары тастап кеткен ежелгі қоныс табылды

Францияда археологтар Понтарлье коммунасында жүргізген қазба жұмыстары кезінде кенеттен жоғалып кеткен франк қонысының қалдықтарын тапты.

Ғалымдар аталған елді мекеннің біздің дәуіріміздің VI ғасырында салынғанын және ауқымы жағынан ежелгі заман үшін жеткілікті түрде үлкен болғанын анықтады.

Қазіргі уақытта археологтар әрқайсысы 200-300 шаршы метр болатын онға жуық тік бұрышты үлкен ғимаратты қазып алды.

Сарапшылардың пікірінше, қоныста ауқатты адамдар өмір сүрген, бұған қабірлерден табылған зергерлік бұйымдардың үлкен коллекциясы дәлел бола алады.

Сондай-ақ сарапшылар қоныстың негізі қаланғаннан кейін шамамен 150-200 жыл өткен соң, VII ғасырдың соңында тұрғындар елді мекенді тастап кеткенін анықтады.

Хабар 24 телеарнасы