432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейде оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан 20-дан астам адам жараланды

  • 96
  • UPD: 11:32, 08.10.2020
Ресейде оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан 20-дан астам адам жараланды

Ресейдің Рязань облысындағы оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан 23 адам жарақат алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрігерлер жапа шеккендердің халі мүшкіл екенін хабарлады.

Еске сала кетейік, кеше Рязань түбіндегі Желтухино ауылының маңында шөптер өртеніп, жалын оқ-дәрі қоймасына түскен. Салдарынан жарылыс болып, 1,5 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Екі ауданда төтенше жағдай енгізілді. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. 130 жауынгер мен 60-тан астам әскери техника жұмылдырылған.

Хабар 24 телеарнасы