432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қырғызстанда депутаттар президентке импичмент жариялау бойынша келісімге келе алмады

  • 160
  • UPD: 11:48, 08.10.2020
Қырғызстанда депутаттар президентке импичмент жариялау бойынша келісімге келе алмады

Қырғызстанда Жоғарғы Кенеш депутаттары президент Сооронбай Жээнбековке импичмент жариялау бойынша келісімге келе алмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Бішкектегі қонақүйдің бірінде кездескен халық қалаулары мәселені ұзақ талқылап, еш шешімге келе алмай тарқаған. Президент Сооронбай Жээнбеков болса, халыққа тағы үндеу жасап, елдегі дағдарысты шешу үшін барлық саяси күштермен келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Қалада жағдай тынышталған. Шаһарда тәртіпті халық жасақтары қадағалап, күзетуде.

Еске сала кетейік, Қырғызстанда қазанның 5-і күні парламенттік сайлаудан кейін наразылық шерулері өтіп, полициямен қақтығыс болды. Екі күнге жалғасқан тәртіпсіздіктер барысында жүздеген адам жарақат алған.

Хабар 24 телеарнасы