427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда мейрамхана мен дәмханалардың жұмысы шектелді

  • 121
  • UPD: 12:00, 08.10.2020
Германияда мейрамхана мен дәмханалардың жұмысы шектелді

Өткен тәулікте Германияда коронавирусты жұқтырған 3 мыңдай адам анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы рет осыншама науқас сәуір айының соңында тіркеліп еді. Елдің оңтүстік өңірлері індеттен ең көп зардап шеккен. Алайда, соңғы кезде Берлинде де эпидемиологиялық ахуал ушығып кетті. Шаһардағы төрт ауданда науқастар саны қауіпті коэффициенттен асып кеткен. Сондықтан қалалық Сенат жаңа шектеулер енгізуді шешті. Дәмханалар мен мейрамханлар тек кешкі сағат он бірге дейін жұмыс істейтін болды. Бұл ережені бұзғандарға 5 мың еуро айыппұл салынады. Қоғамдық көлікте де бақылау күшейтілді. Бетперде тақпаған жолаушылар қалтасынан қағылатын болды. Бұл үшін салынатын айыппұл көлемі 50 еуродан басталады. Шектеулер 10 қазанда енгізіліп, 31-іне дейін күшінде болады.

Хабар 24 телеарнасы