429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда Рождествоға арналған мерекелік ойыншық өндірісі шығынға батты

  • 161
  • UPD: 12:22, 08.10.2020
Қытайда Рождествоға арналған мерекелік ойыншық өндірісі шығынға батты

Коронавирус салдарынан Қытайдағы Рождествоға арналған мерекелік ойыншық өндіретін компаниялар шығынға батты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өндіріс иелерінің айтуынша, биыл тауарға сұраныс мүлдем жоқ. Әдетте Жаңа жылға бір-екі ай қалғанда тапсырыс қаптап, фабрика қызметкрелері үлгерми жататын. Биыл барлығы керісінше. Эпидемия басталғалы ойыншықтарға сұраныс төмендеген. Кәсіпкерлер онлайн-платформаға шығып, сауда-саттық жасауға тырысып жатыр. Әзірге нәтиже көңіл көншітпейді.

Айта кетейік, Қытайдың Иу қаласында әлем елдеріне экспортталатын рождестволық ойыншықтардың 80%-і өндіріледі. Мәселен, мұнда 2019 жылы 278 млн долларға ойыншықтар сатылған.

Хабар 24 телеарнасы