427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та вице-президентікке үміткерлер арасында пікірсайыс өтті

  • 61
  • UPD: 15:36, 08.10.2020

АҚШ-тағы биылғы жылдың басты саяси оқиғасына бір айдан аз уақыт қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін дәстүр бойынша пікірсайыстың тағы бір кезеңі өтті. Бұл жолы сайысқа Трамп пен Байден емес, олардың вице-президенттері түсті. Пікірсайыстың қалай өткенін білу үшін тікелей эфирге АҚШ-тағы тілшіміз Талғат Алманов қосылғалы тұр.

Диктор:

- Талғат, уақыт айырмашылығы үлкен екенін білеміз. Кеш жарық! Пікір сайыс жайлы не айтасыз? Осы пікірсайыстан кейін мамандар қандай болжам жасауда? Қай кандидаттың асығы алшы түсуі мүмкін деп жатыр?

Талғат Алманов: тілші:

- Дұрыс айтасыз, жаңа ғана АҚШ-тың Юта штатында вице-президент Майк Пенс пен Калифорнияның сенаторы Камала Харистің арасындағы пікірсайыс аяқталды. Бірден айту керек, бұл пікірсайыстың деңгейі, ақпараттық маңызы қыркүйектің соңында өткен президенттік дебатқа қарағанда әлдеқайда жоғары болды. Ең бастысы, регламент сақталып, пікірсайыстың модераторы Susan Page ереженің сақталуын қатаң бақылап отырды. Әр кандидаттың жауабына екі минуттай уақыт берді. Бас-аяғы тоғыз негізгі тақырып айналасында әңгіме өрбіді. Соның ішіндегі ең көкейтестісі, өзектісі казіргі пандемиямен күресу, дәлірек айтсақ, вакцинаның төңірегінде болды. Өзекті дейтінім, осы аптаның өзінде АҚШ-тың 39 штатында вирус өршіп келе жатқаны белгілі.

Камала Харис, вице-президенттікке үміткер:

- Дональд Трамп пен оның әкімшілігі қаңтардың 28-інен бастап коронавирустың қаншалықты қауіпті екендігін білді, бірақ ешқандай әрекет жасамады. Салдарынан 210 мың америкалық көз жұмды. 7 миллионан астамы вирусты жұқтырды. Неге әрекет жасамады, себебі індетке қарсы күресетін ешқандай жоспары болмады. Ең өкініштісі, оларда қазірдің өзінде мардымды жоспар жоқ! Неге шындықты жасырасыздар?!

Майкл Пенс, АҚШ вице-президенті:

- Осы жылдың аяғына дейін вакцинаны табамыз деп отырмыз. Егер де президент Трамп болмағанда вирустың кесірінен 210 мың америкалық емес, миллиондаған отандастарымыз көз жұмар еді. Біз бұл сайлауда жеңеміз.

Пікірсайыстың барысында Камала Харис елдің қазіргі жағдайын өндірістік рецессияға, яғни ұлттық дағдарысқа балады. Айтуынша, Трамптың кесірінен мыңдаған өндірістік жұмыс орындары жойылып, жұмыссыздық деңгейі артып келе жатыр. Майк Пенс болса, Джо Байден мен Камала Харистің салық төлеуге қатысты саясатына қарсылық білдіріп, сынға алды. Сондай ақ қос кандидат елдегі тәптіпсіздіктер, нәсілшілдік пен денсаулық сақтау салаласындағы мәселелер бойынша ой бөлісті.

Диктор:

- Талғат, енді болған пікірсайыстан кімнің жеңіске жеткенін айтып жатқан мамандар бар ма?

Талғат Алманов: тілші:

- Мен жаңа ғана The New York Times пен ABC-дің сараптамасын көрдім. Камала Харис вице-президент Пенстен басым түскен көрінеді. «Дегенмен, кімнің жеңіске жеткендігін білу үшін 3 қарашада өтетін сайлаудың қорытындысын күту керек», - дейді мамандар.

Хабар 24 телеарнасы