429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Брюссельде шерушілер бірнеше көлік жолын жауып тастады

  • 87
  • UPD: 14:16, 08.10.2020
Брюссельде шерушілер бірнеше көлік жолын жауып тастады

Брюссельде 1000-нан аса адам Таулы Карабахтағы жағдайға наразылық танытып, шаһардағы бірқатар көлік жолын жауып тастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Акцияға қатысушылар Таулы Карабахта атысты тоқтатып, бейбітшілік орнатуды талап етуде. Полиция халықтан бейбіт түрде тарқауын сұрағанмен, оған ешкім құлақ аспаған. Салдарынан тәртіп сақшылары шерушілерді су шашып таратқан. Жапа шеккендер туралы ақпар жоқ.

Хабар 24 телеарнасы