427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каталония полициясы есірткіге қарсы ірі операция жүргізіп, 51 адамды тұтқындады

  • 122
  • UPD: 14:29, 08.10.2020
Каталония полициясы есірткіге қарсы ірі операция жүргізіп, 51 адамды тұтқындады

Испанияның Каталония аймағының полициясы есірткіге қарсы ірі операция жүргізіп, 51 адамды тұтқындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Барселона қаласы мен оның шеткі аудандарында жүргізілген ірі шараға 1 мыңнан аса агент қатысты. Шаһарда 40-тан астам пәтерде тінту жүрді. Полицияның мәлімдеуінше, бұл баспаналар есірткіні сақтау және сату ұясына айналған.

Айта кетейік, Испания полициясы өткен жылдары да осындай операция жүргізіп, көптеген есірткі тасымалдаушыларды ұстаған еді.

Хабар 24 телеарнасы