428,10 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайдағы аралдан 22 мың турист эвакуацияланды

  • 92
  • UPD: 15:05, 08.10.2020
Қытайдағы аралдан 22 мың турист эвакуацияланды

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында орналасқан Вэйчжоу аралынан қатты желге байланысты 22 мыңға жуық турист эвакуацияланды.

Демалушыларды эвакуациялау сейсенбіде басталды, қазіргі уақытта шамамен 21 800 адам қауіпсіз жерлерге көшірілді. Бұл шаралар туристердің курорттан шыға алмай қалуларына жол бермеу үшін қабылданған.

Хабар 24 телеарнасы