430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақ үйде COVID-19 өрши түсті

  • 120
  • UPD: 16:25, 08.10.2020
Ақ үйде COVID-19 өрши түсті

Ақ үйде соңғы күндері 34 қызметкерден коронавирус табылды.

ABC News баспасы әкімшіліктің «Ақ үйдің 34 шенеунігі және басқа да байланыс тұлғалары ауырып қалды» деген ішкі құжаттарын алды.

Құжаттар 7 қазанда шыққан. Олар төтенше жағдайлар жөніндегі федералды агенттіктің жоғарғы басшылығына, ұлттық қауіпсіздік министрлігінің бөліміне және денсаулық сақтау салаларында таралған.

Құжаттарда есімдердің толық тізімі көрсетілмеген, бірақ АҚШ президентінің екі кеңесшісі Хоуп Хикс пен Стивен Миллер бар. Олар жақында COVID-19-ға сынақ тапсырыс, оң нәтижеге қол жеткізді.

Телеарна атап өткендей коронавирус Трамп әкімшілігі арасында тез таралуда. Жақында Ақ үйдің 24 жұқтырған қызметкері және олармен байланыста болған адамдар туралы хабарланды.

Еске салайық, Трамп оқшаулануды ұстанбай, сопақша кеңсесіне оралды. Мемлекет басшысы әлеуметтік желіде өзінің ауруханадан оралғаннан кейінгі белсенді жұмысы туралы айтып берді.

Сондай-ақ БАҚ Трамптың COVID-пен емделу құнын есептеді. «Барлық сомалар америкалық Денсаулық сақтау жүйесінің ерекшеліктері мен нюанстарына негізделген», – деп атап өтті NYT.

 

Хабар 24 телеарнасы