432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Израильде әсіре діншілдер полициямен қақтығысты

  • 119
  • UPD: 18:18, 08.10.2020

Израильде әсіре діншілдер мен полиция арасында қақтығыс болды. Дініне берік еврейлер карантин ережелерін сақтағысы келмейді.

Әсіресе синагогалардың жабылуы мен бұқаралық іс-шараларға қатысты шектеулерге қарсы. Жабық бөлмеде 10, ал таза ауада 20 адамнан көп жиналуға болмайды. Ал қазір еврейлердің діни мейрамдары өтіп жатқандықтан ортодокстар бұған наразы. Нәтижесінде әсіре діншілдер тұратын елді мекендер коронавирусты жұқтыру бойынша алдағы орындарда тұр. Полицияның бұл аудандарда тәртіп орнату әрекеттерінің соңы қақтығыстарға әкелді. Полиция патрулі синагога жаққа жақындай қалса, жүздеген адам қарсы шығады.

Михаил Зингерман, полиция өкілі:

- Кеше Модиин-Илит елді мекенінде бірнеше полицей жарақат алды. Арасында әйел қызметкерлер де бар. Тәртіп сақшыларын көре сала жергілікті тұрғындар тас лақтырып, жаппай тәртіпсіздікке көшті. Күш қолдануға тура келді.

Хабар 24 телеарнасы