430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Джакартадағы ереуілдер соңы қақтығысқа ұласты

  • 87
  • UPD: 08:59, 09.10.2020
Джакартадағы ереуілдер соңы қақтығысқа ұласты

Тәртіп сақшылары наразы жұртты тарқату үшін көз жасаурататын газ қолданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, елдегі ереуілдер дүйсенбіден бері жалғасып жатыр. Мыңдаған студенттер мен жұмысшылар қауымы жаңа еңбек заңына қарсы шығып отыр. Наразылық акциялары Джакарта, Бандунг, Тангеранг, Бекаси және бірқатар үлкен қалада өткен. Полиция қызметкерлері төрт күн ішінде 400 ереуілшіні тұтқындап үлгеріпті. Ал наразы халық дегенінен қайтар емес. Өйткені жергілікті тұрғындардың айтуынша, жаңа заң еңбек құқығын бұзып, экологияға зиян келтіреді.

Хабар 24 телеарнасы