429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таулы Карабахта қақтығыс жалғасуда

  • 126
  • UPD: 12:19, 09.10.2020

Әзербайжан қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, соңғы бір тәулікте Әзербайжан күштері армян әскеріне тиесілі 10 танкіні, 6 ауыр зеңбіректі және 30-ға тарта көлікті талқандаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал Армения Қорғаныс министрлігі Әзербайжанның 7 дронын атып түсіргенін хабарлады. Қос тарап та бір-бірінің аумағын атқылап, бейбіт тұрғындар қаза тауып жатқанын айтады. Бірақ ақпардың растығына көз жеткізу мүмкін емес. Әскери қимылдар барысында тараптар қанша жауынгерінен айырылғаны да белгісіз. Таулы Карабахтағы жағдайға байланысты Ресей президенті Владимир Путин тараптарды атысты тоқтатып, тұтқындармен алмасуға шақырды. Осы мақсатта Армения мен Әзербайжан Сыртқы істер министрлерінің Мәскеуде бетпе-бет кездесуін өткізуді ұсынды.

Хабар 24 телеарнасы