430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытай COVID-19 вакцинациясының халықаралық механизміне қосылды

  • 96
Қытай COVID-19 вакцинациясының халықаралық механизміне қосылды

Қытай ресми түрде коронавирустық вакциналарға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге арналған халықаралық COVAX механизміне қосылды.

Бұл туралы ресейлік басылым РИА «Новости» хабарлады.

«Қытай мен Gavi жаһандық альянсы COVAX-қа ресми қосылу туралы келісімге қол қойды. Бұл – Қытайдың COVID-19 вакцинасын бүкіл әлем үшін қоғамдық игілікке айналдыру туралы уәделері аясында жасаған маңызды қадамы», – делінген хабарламада.

170-тен астам ел ДДСҰ мен вакциналар мен иммундау жөніндегі жаһандық альянстың (GAVI) COVAX бастамасына қатысады. Ол барлық ел үшін тиімді COVID-19 вакцинасына жаһандық қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Хабар 24 телеарнасы