428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде жаңа эпидемия қаупі бар – ғалымдар

  • 101
  • UPD: 11:21, 09.10.2020
Әлемде жаңа эпидемия қаупі бар – ғалымдар

АҚШ ғалымдары супербактериялардың таралуынан болатын жаңа жаһандық қауіп туралы ескертті.

Бұл туралы Science Alert хабарлады.

Зерттеушілердің айтуынша, жыл сайын әлемде 700 мың адам бактериялардың ерекше төзімді түрінің құрбаны болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2050 жылға қарай зиянды микроорганизмдерді жұқтырған адамдардың саны 10 миллионға жететінін болжап отыр.

Ғалымдардың айтуынша, антибиотиктерді жиі қолданудың салдарынан көптеген бактериялық инфекциялар, соның ішінде гонорея, туберкулез және сальмонелла штамдарын емдеу өте қиынға соғуда.

Сан-Диегодағы Калифорния университетінің профессоры Стеффани Стратдидің пайымдауынша, пандемия мен антибиотиктерді бақылаусыз қолдану жағдайында әлем жаңа эпидемиямен бетпе-бет келуі мүмкін.

«Бұл жаһандық дағдарыс және жағдай COVID салдарынан нашарлап барады», - деді ол.

Хабар 24 телеарнасы