427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: әлемдегі ахуал

  • 101
COVID-19: әлемдегі ахуал

Әлемде соңғы бір тәулікте коронавирусты 338 мыңнан астам адам жұқтырып алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп мәлімдеді. Бұл - індет басталғалы әлемде бір күнде вирусты ең көп жұқтыру дерегі. Дертке шалдыққандар бойынша АҚШ, Үндістан, Бразилия алда. Індет Еуропада қайта күшейген. Мысалы, Париж бен оған қарасты аймақта жұқтырғандар көбейіп, ауруханалардағы жансақтау бөлімдері 40 процентке толған. Науқастар санының артуына байланысты Лилль, Лион және Гренобль қалалары қауіпті аймақ қатарына жатқызылды.

Оливье Веран, Франция денсаулық сақтау министрі:

- Францияда коронавирусты жұқтырғандар саны қайта көбейді. Ауруханаларда коронавирус диагнозымен жеткізілген науқастардың қарасы артып, емдеу орталықтарына күш түсе бастады. Дәрігерлер кей операцияларды жүргізуден бас тартуға мәжбүр.

Шығыс Еуропадағы бірқатар елде де кеселді жұқтырғандар күрт өскен. Хорватияда соңғы бір тәулікте вирус 542 адамнан анықталды. Ал Чехияда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты жаңа шектеулер енгізу туралы шешім қабылданды. Келесі аптадан бастап кинотеатр, хайуанаттар паркі, фитнес-клубтар 2 аптаға жабылады. Жоғарғы оқу орындарының студенттері мен оқушылар қашықтан оқу тәртібіне қайта көшеді.

Хабар 24 телеарнасы