427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ереванда ЕЭО-ға мүше елдердің үкімет басшылары бас қосады

  • 88
  • UPD: 15:15, 09.10.2020

Маңызды жиын алдында бірқатар кездесу ұйымдастырылып, кей өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одаққа мүше елдердің үкімет басшыларының бүгінгі кездесуінде талқыланатын мәселе - экономикалық интеграция. Басқосу алдында Еуразиялық экономикалық комиссия министрлері бизнес қауымдастықпен кездесті. Жиында Одақтағы жолаушылар қатынасын қалпына келтіру мәселесі қарастырылды. Себебі ұйымға мүше елдер арасында жүріп-тұру шектеліп, қарапайым адамдармен бірге бизнеске көп кедергі туған.

Ия Малкина, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы төрағасының көмекшісі:

- Кездесуде одақтағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай мен жолаушылар қатынасын қалпына келтіру талқыланбақ. Қазіргі жағдай да бұл өте өзекті. Ұйымға мүше елдердің азаматтары нақты шара қолдануды сұрауда. Тараптар ортақ шешім табады деп үміттенеміз.

Еревандағы басқосуда 5 мемлекет трансшекаралық электрондық сауданың негізігі бағыттары мен экспортты дамыту шараларын да қарастырмақ. Бұл одақта көп сұрақ туғызып отырған түйткіл. Соның бірі - тауарларды цифрлық белгілеу. Себебі одақ елдерінде кәсіпкерлік бірдей дамымаған, кіріс те әртүрлі.

Эмиль Степанян, Экспорт, Армения сарапшылар қауымдастығын құрушы:

- Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің ішкі өндірушілері әртүрлі жағдайда жұмыс істейді. Нарығы мен шикізат базасы шағын армян өндірушісінің қаржылай әлеуетін қазақстандық немесе ресейлік әріптестерімен салыстыруға болмайды.

Армения бизнес қауымдастығы ашықтықты қалайды. Яғни Одақта өндірілетін тауарлардың толық бақыланып, бизнеске түсетін салмақты әділ бағалауды сұрауда. Еуразиялық комиссия болса тауарларды белгілеу мемлекет пен кәсіпкерлерге көп артықшылық беретінін айтады. Бұл бәсекелестікті арттырып, көлеңкелі бизнеспен күресуге көмектесетінін алға тартады. Ал тұтынушылар үшін сапа белгісі болмақ.

Эмиль Степанян, Экспорт, Армения сарапшылар қауымдастығын құрушы:
- Бұл мәселеге қатысты қаржылай шығынды мемлекет те мойнына алса жақсы болар еді. Яғни еуразиялық экономикалық одақ тауарларды цифрлық белгілеу үшін ортақ бюджет құрса дейміз.

Цифрландыру ауқымды әрі күрделі мәселе. Сондықтан оны жүргізу процесі де қиындыққа тап болуда. Мұны еуразиялық шенеуніктер те мойындайды. Қазір Еуразиялық экономикалық комиссия цифрландыруды жүзеге асырудың екінші кезеңі басталған. Ол 2022 жылға дейін созылады.

Авторлары: Л. Жусупбекова, Давит Атаян

Хабар 24 телеарнасы