Оңтүстік Кореяның Ульсан қаласында көп қабатты тұрғын үй өртке оранып, 88 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Қаза тапқандар жоқ. Жүздеген адам аман-есен эвакуацияланды. Өрт жергілікті уақытпен түнгі сағат 11-лер шамасында басталған. Екпіндетіп соққан желден мамандар жалынды түні бойы сөндіре алмай, тек таңға жақын бақылауға алған. Мамандар ғимарат құрылысында қолданылған материалдарының арасындағы көмірден оқтын-оқтын өрт шығып жатқанын хабарлайды. Оттың неден тұтанғаны тексеріліп жатыр.