428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда тайфун салдарынан 140-тан астам әуе рейсі тоқтатылды

  • 138
  • UPD: 15:01, 09.10.2020
Жапонияда тайфун салдарынан 140-тан астам әуе рейсі тоқтатылды

Жапонияда «Чан-хом» тайфунына байланысты 141 ішкі әуе рейсі тоқтатылды.

Негізінен оңтүстік-батыстағы Кюсю аралын елдің басқа аймақтарымен байланыстыратын бағыттар тоқтатылған.

Бірақ теміржол қатынасы тоқтатылған жоқ.

Тайфун қазір Жапонияның оңтүстігіндегі Тынық мұхитында және солтүстік-шығысқа қарай бет алған. Орталық бөлігінде желдің жылдамдығы 35 м/с, ал екпіні 50 м/с жетеді. Тропикалық дауылдың әсерінен кейбір аймақтарда қатты жаңбыр жауады.

Хабар 24 телеарнасы