432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мао Цзэдунның ұрланған құнды жазбасы кесілген күйде табылды

  • 154
  • UPD: 15:52, 09.10.2020
Мао Цзэдунның ұрланған құнды жазбасы кесілген күйде табылды

Гонконгта ұрлықшылар Мао Цзэдунның қолдан жазған қағазын ұрлап, бүлдіріп тастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жәдігерді қарақшылар Гонконгтағы Фу есімді белгілі коллекция жинаушының үйінен қолды еткен. Олар үй иесінің сапарға аттанғанын пайдаланып, Фудың пәтерінен 645 миллион доллар мүлікті алып кеткен. Арасында құны 300 миллион доллар болатын Қытайдың танымал саясаткері Мао Цзэдунның өз қолымен жазған қағаз бар. Полиция бір қылмыскерді ұстап, жәдігерді тапқан. Бірақ тонаушылар құнды жазбаны тасымалдау жеңіл болу үшін екіге бөліп тастаған көрінеді.

Хабар 24 телеарнасы