428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны рекорд орнатты

  • 119
  • UPD: 17:03, 09.10.2020
Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны рекорд орнатты фото: РИА Новости

Ресейде бір тәулікте COVID-19 жұқтырғандар саны рекорд орнатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, Ресейде өткен тәулікте 12 126 адамнан коронавирус анықталған.

Осыған дейін Ресейдің вице-премьері Татьяна Голиков 11 мамырда науқастар саны рекорд орнатқанын мәлімдеген еді. Ол кезде елде бір тәулікте 11 656 адамнан коронавирус анықталған болатын.

Айта кетейік, Қазақстанда бүгінде коронавирус жұқтырғандар саны 108 561-ге жетті.

Хабар 24 телеарнасы