427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да екі бала иіс тиіп көз жұмды

  • 102
  • UPD: 18:27, 09.10.2020
ШҚО-да екі бала иіс тиіп көз жұмды

Қазақстанның шығысындағы Секисовка ауылында екі бүлдіршінге иіс тиіп, көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

15 және 7 жастағы қыздардың өліміне пеш қақпағының тарс жабылғаны себеп болған. Тәтелерінің үйіне қонаққа келген олар пешті жағып, қақпағын сәл ашуды ұмытқан көрінеді. Балалардың анасы таңертең олардың ес-түссіз жатқан күйінде тауып алады. Бірақ тым кеш болды. Мамандар «пеш мұржасының қақпағы жабық болғандықтан, бүлдіршіндерге иіс тиді» деген болжам айтуда.

Алексей Штыкель, ШҚО ТЖҚ басқармасының бастығы:

- Жеке тұрғын үй секторындағы аула-ауланы аралап, профилактикалық жұмыс жүргіземіз. Дегенмен, биыл жеке сектордан шыққан өрттен 37 адам қаза тапты. Бұл былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 27%-ке артық көрсеткіш. Өкінішке қарай, 41 адамға иіс тиіп, 9-ы қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы