427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вароша шипажайы 1974 жылдан бері алғаш рет ашылды

  • 126
  • UPD: 21:43, 09.10.2020
Вароша шипажайы 1974 жылдан бері алғаш рет ашылды

Өзін өзі жариялаған Солтүстік Кипр мемлекетінің үкіметі 46 жылда алғаш рет Вароша шипажайына туристерге келуге рұқсат берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда, олар барлық ережелерді сақтап, белгіленген бағдармен жүріп, ғимараттарға кірмеуі тиіс. Ал Кипр үкіметі болса, Вароша аумағының ашылуын сынға алды. «Жолынан ауытқыса, туристер көзге көрінбейтін құдықтар мен септиктерге құлап кетуі мүмкін», дейді. Сондай-ақ ұзақ уақыт ешкім тұрмаған ғимараттар да опырылуы мүмкін.

Еске сала кетсек, бұл ауданды мекендеген гректер 1974 жылғы жанжалдан кейін көшіп кеткен болатын. Сол жылы гректер мен түріктер аралас тұратын бұл аралда бүлік шығып, билікті өз қолына алған әскерилер аралдың Грекияға қосылатынын жариялады. Осыдан кейін Түркия әскері Кипрдің бір бөлігін басып алған еді. Бұл жанжалдың түйіні әлі күнге дейін тарқалған жоқ. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Варошада бұрынғы тұрғындарынан өзге адамдарға қоныстануға тыйым салатын қарар қабылдаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы