428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде коронавирус жұқтырған балалар саны артып барады

  • 100
  • UPD: 21:07, 09.10.2020

Әлем елдерінде де коронавирус инфекциясын жұқтырған балалар саны артып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, көршілес Ресейде соңғы екі аптада дәм-иіс сезу мүмкіндігінен айырылып, дене қызуы көтерілген 18 жасқа дейінгі нақуастар қатары көбейген. АҚШ-тың бір ғана Аллегейни қаласында қыркүйек айынан бері 300 бала коронавирус жұқтырған. Мұндай жағдай Бразилия елінде де тіркелді.

Ресейде соңғы 10 күнде коронавирус жұқтырған балалар саны артты. Бұл туралы Ұлттық медициналық зерттеу орталығы балалар денсаулығы басқармысының басшысы, профессор Андрей Фисенко мәлімдеді. Оның айтуынша 18 жасқа дейінгі науқастардың ауруы жеңіл формада өтіп жатыр. Дегенмен, ата-аналарға балаларымен қоғамдық орындарға бармауға, бетперде киіп, қолдарын жиі жууға кеңес берілді.

Андрей Фисенко, профессор:

- Соңғы кездері балалары COVID-19 белгісімен ауырып жатқанын айтып, арызданған ата-атаналар көбейді. Науқастардың дене қызуы көтеріліп, жөтел пайда болған. Дәм-иіс сезбеу симптомдары да кездескен. Бұл дегеніңіз, эпидемияның өршіп бара жатқанын білдіреді. Сондықтан тұрғындарды санитарлық нормаларды сақтауға шақырамын.

Бұл Ресей ғана емес, әлемнің бірқатар елінде болып жатқан жағдай. Мәселен, АҚШ-тың Аллагейни қаласында қыркүйек айында 300 бала вирус жұқтырған. Науқастар арасында ауыр халге түскені жоқ. Десе де, баланың вирус тасымалдаушы екенін ұмытпаған жөн. Коронавирус анықталған 14 жастағы бір жеткіншек үш апта ішінде 27 адамға ауру таратып үлгерген. Сондай-ақ Бразалия, Оңтүстік Америка мен Кариб бассейні елдерінде вирус жұқтырған балалар мен жеткіншектер саны жарты миллионнан асып жығылды.

Карисса Этьен, Панамерикалық денсаулық сақтау ұйымының директоры

- Соңғы уақытта коронавирус жұқтырғандар арасында жастардың көбейгенін айту керек. Біздің өңірде ондай балалар мен жеткіншектердің саны жарты миллионнан асып кетті. Бұл алаңдарлық жайт. Сондай-ақ осы күнге дейін індетпен тиімді күрес жүргізіп жатқан Ямайка мен Кубадаға деректер саны да артып барады.

Осылайша, балалар арасында кеселдің дендеуінен жаңа оқу жылы кейінге қалдырылып жатыр. Бостонда қазан айында ашылуы тиіс мектептер әзірге оқушыларды қабылдамайтын болды. Алдын ала ақпар бойынша оқушылар партаға тек қараша айында ғана отыруы мүмкін.

Авторы: Жансұлу Дүйсенәлі

Хабар 24 телеарнасы