427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мадридте төтенше жағдай режимі енгізілді

  • 99
  • UPD: 08:12, 10.10.2020
Мадридте төтенше жағдай режимі енгізілді

Коронавирус індеттінің дендеуіне байланысты Испания астанасы Мадридте төтенше жағдай режимі енгізілді.

Өңір басшылығы қарсы болғанымен, бұл шешім үкімет мәжілісінде қабылданды. Жарлыққа сай қала басшылығы денсаулық сақтау министрлігінің қаулыларын орындауға міндеттелді. Еске сала кетейік, жақында Мадрид қаласының Жоғарғы соты карантин шектеулерін заңсыз деп таныған болатын. Сот үкімі бойынша бұл шаралар шаһар тұрғындарының еркі мен құқығын бұзады. Жалпы шектеулер қабылданған қала аудандарында бес миллиондай адам тұрады. Полиция онда бақылау бекеттерін орнатып, қаланың өзге аумағынан бөліп тастады. Тек жұмысқа баратындар ғана ары-бері қатынай алады.

Фернандо Гранде-Марласка, Испания ішкі істер министрі: 

- Төтенше жағдай тәртібін 7 мыңнан аса полицей қадағалайды. Қызметкерлердің барлығы өз міндетін атқаруға дереу кірісіп кетті. Сондай-ақ астаналық өңірге баратын жолдарда қосыша бекеттер орнатылады.

Хабар 24 телеарнасы