427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иордания тұрғындарға сыртқа шығуға толықтай тыйым салды

  • 89
  • UPD: 08:13, 10.10.2020
Иордания тұрғындарға сыртқа шығуға толықтай тыйым салды

Иордания билігі коронавирустың таралуына жол бермеу үшін демалыс күндеріне шектеу шараларын қатаңдатты. Тұрғындарға сыртқа шығуға толықтай тыйым салынды. Көшеде тек медициналық қызметкерлер мен эпидемиологиялық зерттеу жүргізуші топтарға ғана жүруге рұқсат. Полицейлер коменданттық сағатта тәртіптің сақталуын қатаң қадағалайды. Мектептерде сабақ жұмадан бастап белгісіз уақытқа тоқтатылды. Студенттер қашықтан оқуға көшірілді. Айта кетейік, Иорданияда коронавирусты жұқтырғандар саны күн санап артып, 22 мыңға жуықтады. 144 науқас көз жұмды. 

Аммар Мути, эпидемиолог:

- Демалыс күндері коменданттық сағат енгізілгені дұрыс болды. Біздің топ емін-еркін эпидемиологиялық зерттеу жүргізе алады. Көшелер бос. Қажетті үйге кедергісіз жылдам жететін боламыз. Кейде коронавирусты жұқтырған науқаспен байланыста болғандарды тексеру 5 күнге созылады. Себебі 1 адам 200-ге жуық адаммен байланыста болып үлгіреді. Шектек шарасының қатаңдатылуы өте орынды болды.

Хабар 24 телеарнасы