432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бельгияда жаңа шектеу шаралары енгізілді

  • 78
  • UPD: 09:35, 10.10.2020
Бельгияда жаңа шектеу шаралары енгізілді

Бельгияда коронавирусты жұқтырғандар санының артуына байланысты бүгіннен бастап жаңа шектеу шаралары енгізілді.

Соңғы тәулікте онда антирекорд тіркелген еді. Бір күнде тест тапсырған 5700 адамнан ковид-19 анықталған. Бұл пандемия басталғалы ең жоғарғы статистика. Күнделікті ауруханаға кемінде 100 науқас келіп түсуде. Сондықтан да билік өкілдері бүгіннен бастап Брюссельдегі барлық мейрамхана, барлар, салтанат сарайларын бір айға жапты. Қоғамдық орындарда ішімдік ішуге тыйым салынды. Азық-түлік дүкендері тек кешкі сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Осы қатаң ережелерді бұзғандарға 250 еуро айыппұл салынады.

Қазір Бельгия компанияларына қызметкерлердің басым бөлігін қашықтан жұмыс істеуге көшіру ұсынылды. Сондай-ақ әрбір тұрғынға отбасынан бөлек үш адаммен ғана сөйлесуге рұқсат берілді. Қонаққа тек төрт адамды ғана шақыруға болады. Мектептер мен жоғар5ы оқу орындары әзірге жұмыс істеп тұр. Дегенмен, онда арақашықтықты сақтап, барлық сыныптарда бетпердемен отыру талабы қойылған.

Хабар 24 телеарнасы