428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бішкекке әскери техника кіргізілді

  • 113
  • UPD: 15:36, 10.10.2020

Өткен түні Бішкек маңында тағы бір әскери техника колоннасы байқалды. Ол полиция патрулімен бірге қырғыз астанасына қарай бағыт алып бара жатқан.

Ал бүгін Қырғызстан парламентінің депутаттары мемлекеттік резиденцияда шұғыл отырыс өткізіп, елдің жаңа премьер-министрін сайлайды деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Кеше Президент Сооронбай Жээнбековтің жарлығымен қазанның 9-ы мен 21-і аралығы Бішкекте төтенше жағдай режимі енгізілді.

Еске сала кетейік, Қырғызстанда өткен дүйсенбі күні парламенттік сайлаудың қорытындысы жариялана салысымен наразылық шерулері басталып, оның соңы қақтығысқа ұласты.

Хабар 24 телеарнасы