432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Трамп пен Байденнің пікірсайысы кейінге қалды

  • 111
  • UPD: 11:19, 10.10.2020
Трамп пен Байденнің пікірсайысы кейінге қалды

Дональд Трамп пен Джо Байденнің АҚШ президенттігіне сайлау алдындағы екінші дебаты кейінге қалды.

Енді пікірсайыс қазанның 22-сі күні Теннесиде өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, аталған саясаткерлердің сайлауалды пікірсайысы 15 қазанда Майамиде өтуі керек еді. Алайда Дональд Трамптың коронавируспен ауырып қалуына байланысты сақтық мақсатында дебатты онлайн форматта ұйымдастыру ұсынылды. Бірақ қазіргі президент Дональд Трамптың штабы одан бас тартты.

Айта кетейік, өткен аптада Трамптың коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен болатын.

Хабар 24 телеарнасы