428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Берлинде қоғамдық көлік қатынасы тоқтап қалды

  • 77
  • UPD: 14:10, 10.10.2020
Берлинде қоғамдық көлік қатынасы тоқтап қалды

Германия астанасында бір күн қоғамдық көлік қатынамайды. Оған жүргізушілер мен машинистердің ереуілі себеп. Наразылық акциясына қатысушылар коронавирус кесірінен жұмыстары қиындағанын айтады. Сол себепті еңбек жағдайын жақсартып, жалақысын көтеруді талап етіп отыр.

Бұл соңғы екі аптадағы екінші наразылық акциясы. Бірақ өткенде ол небәрі 12 сағатқа созылған. Бұл жолғысы 24 сағатқа жалғасады. Салдарынан автобустар, трамвай мен метро қатынамайды. Тек электр пойызы мен жекеменшік компаниялардың автобусы ғана жүреді. Бұл 2 миллион жолаушыға әсер етуі мүмкін. Сол себепті тұрғындар діттеген жеріне такси, жалға берілетін көлікпен не велосипедпен жетуге мәжбүр.    

БЛИЦ

- Жеке өзім ереуілдерді қолдаймын. Өйткені пікірімізді ашық білдіру - біздің конституциялық құқығымыз. Десек те, қазір ереуілдер ұйымдастыратын кез емес. Өйткені эпидемия өршіп тұр. Жүргізушілер жұмыс берушілермен келіссөздер жүргізуі керек. 

- Мен ереуілшілерді түсінемін. Олар жалақысын көтеруді талап етеді. Бірақ мына наразылық акциясынан мен де зардап шегіп отырмын. Өйткені Берлинге қонаққа келгем. Қаланы көрсем бе деп едім. Алайда не автобуспен, не трамваймен жүре алмай тұрмын.

Хабар 24 телеарнасы