427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кореяда оппозицияның партиялары шеру өткізе алмады

  • 54
  • UPD: 14:27, 10.10.2020

Оңтүстік Кореяның оппозициялық партиялары Сеул орталығында үлкен наразылық акциясын өткізе алмады. Бір күн бұрын сот коронавирустың таралу қаупіне байланысты қоғамдық іс-шараларға тыйым салу туралы шешімін күшінде қалдырды.

Ал қала әкімшілігі егер митингтерге байланысты COVID-19 инфекциясы жағдайлары пайда болса, наразылық білдірушілерден келтірілген зиян үшін өтемақы талап ететіндерін айтты. Ондаған адам Сеулдың басты алаңына кіруге тырысты. Алайда оны тәртіп сақшылары қоршауға алды. Ол жерге шамамен 11 мың полиция қызметкері жіберілді. Алаңға кіруді жүздеген автобус жауып тастады. Билік 10-нан астам адамның қатысуымен жиналыстар өткізуге тыйым салғандықтан Республикалық партияның 8 белсендісі журналистерге үндеу жасады. Олар президент Мун Чжэ Иннің қарсыластарының COVID-19 сылтауымен сөз сөйлеуіне жол бермеуін конституцияға қайшы санайтындықтарын айтты.

Чо Вон Джин, Корея республикалық партиясының төрағасы:

- Солтүстік Корея билігі оңтүстік кореялық мемлекеттік қызметкер теңізде айуандықпен өлтірілді деп хабарлады. Бірақ оның аты-жөні аталмайды. Диктаторлық саяси күші бар Мун Чжэ Ин әлі де сол бұрынғыдай Солтүстік Корея басшылығын қорғаштап, Корея Республикасы азаматтарының өмірін қорғамайды.

Хабар 24 телеарнасы