427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильде орман алқабы өртенді

  • 76
  • UPD: 15:17, 10.10.2020
Израильде орман алқабы өртенді

Израильдің солтүстігінде орман алқабы өртенді. Қызыл жалын елдің бірнеше өңіріне тарап кеткен. Осыған байланысты 5 мыңдай адам шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшірілді.

Жергілікті биліктің болжауынша, от қасақана қойылған болуы мүмкін. Өрт ошақтарының көбі сөндірілгенімен ең ірісі әлі де ауыздықталмапты. Дес бермей тұрған жалын жеті нысанды жалмап кеткен.

Хабар 24 телеарнасы