432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Армения мен Әзербайжан бір-бірін атысты тоқтату режимін бұзды деп айыптады

  • 171
  • UPD: 18:08, 10.10.2020
Армения мен Әзербайжан бір-бірін атысты тоқтату режимін бұзды деп айыптады

Армения тарапының айтуынша, Әзербайжан әскері қазанның 10-ы күні сағат 12-ден бастап жарияланған уақытша бітімді елемей, он екіден 5 минут кеткенде, Карахамбейли елді мекеніне шабуыл жасаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған тойтарыс беру үшін Арцах қорғаныс күштері тиісті шаралар қабылдап жатыр. Бұл туралы Армения қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Шушан Степанян өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды. Өз кезегінде Әзербайжанның қорғаныс министрлігі Тертер мен Агдам қалаларының армян сарбаздарымен атқыланғанын мәлімдеді. Осылайша Ереванның бітім шарттарын өрескел бұзғанын айтады. Алайда Армения мұны жоққа шығарып отыр. Бұған дейін Мәскеуде Армения мен Әзербайжан Сыртқы істер министрлерінің қатысуымен келіссөздер өтіп, тараптар ортақ келісімге келген еді. Оған сәйкес, Ереван мен Баку бүгін сағат 12.00-ден бастап Таулы Карабахта оқ атуды тоқтатуы тиістін.

Хабар 24 телеарнасы