427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстанның ҰҚК экс-президент Алмазбек Атамбаевты ұстады

  • 157
  • UPD: 21:47, 10.10.2020
Қырғызстанның ҰҚК экс-президент Алмазбек Атамбаевты ұстады

Қырғыз Ұлттық қауіпсіздік комитеті экс-президент Алмазбек Атамбаев пен оның жақтастары Дамир Мусакеев пен Қанат Сағымбаевты ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша олар Бішкекте жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру қылмыстық ісі аясында ұсталған. Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті былтыр жазда қамауға алынған еді. Жақында, яғни 6 қазанға қараған түні тергеу изоляторынан шыққан болатын.

Хабар 24 телеарнасы