432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Садыр Жапаров Қырғызстанның премьер-министрі болды

  • 195
  • UPD: 21:47, 10.10.2020
Садыр Жапаров Қырғызстанның премьер-министрі болды

Қырғыз парламенті министрлер кабинетінің жаңа құрамын бекітті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел премьер-министрі болып бостандыққа шыққан оппозиционер Садыр Жапаров тағайындалды. Ол барлық саясаткерді Қырғыз еліндегі жағдай үшін халықтан кешірім сұрауға шақырып, президент Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетуге дайын екенін жеткізді. Жоғарғы Кенеш министрлер кабинетінің басшысы лауазымына басқа кандидаттарды қарастырған жоқ. 5 қазанға қараған түні Қырғыз елінде парламенттік сайлаудың қорытындыларымен келіспейтіндер жаппай наразылыққа шыққан еді.

Ереуіл соңы Парламентке өтпей қалған оппозициялық партиялардың жақтастарының Ақ үйді басып алуымен аяқталғаны белгілі. Ресми мәліметтер бойынша, қақтығыстан мыңнан астам адам зардап шекті, біреуі қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы