432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Австралиядағы әуе компаниясы «Белгісіз бағытқа сапар» атты акция ұйымдастырды

  • 97
  • UPD: 08:59, 11.10.2020
Австралиядағы әуе компаниясы «Белгісіз бағытқа сапар» атты акция ұйымдастырды

Австралиядағы ең ірі әуе компанияларының бірі Qantas «белгісіз бағытқа сапар» атты акция ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ерекшелігі сол, ол саяхаттауды жаны сүйетін жандарға арналды. Яғни, ұшаққа мінген кез келген азамат жеті сағат бойы көкте болып, табиғат кереметтерін биіктен тамашалауға мүмкіндік алады.

Айта кетейік, Сидней әуежайынан басталған осы бір рейске 150 жолаушы мініпті. Бір таң қаларлығы, бағасы 566 доллардан 2700-ге дейін жететін билеттер бар-жоғы 10 минутта сатылып кеткен. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл әуе тасымалдаушы тарихында бұрын-соңды болмаған жағдай екен.

Хабар 24 телеарнасы