432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Францияда бір тәулікте 27 мың адамнан коронавирус анықталды

  • 157
  • UPD: 09:48, 11.10.2020
Францияда бір тәулікте 27 мың адамнан коронавирус анықталды

COVID жұқтыру жағынан әлем елдері бойынша оныншы тұрған Францияда да жағдай онша емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдегі денсаулық сақтау министрлігі соңғы 24 сағатта 27 мың тұрғыннан қауіпті вирус анықталғанын хабарлады. Соңғы бір аптаның өзінде 5 мың науқастың ауруханаға жатқызылғаны мәлім болды. Оның мыңға жуығының жағдайы ауыр. Жалпы бүгінге дейін Францияда 718 мың 873 дерек тіркелді. 32 мың 637 науқастың қайтыс болғаны хабарланды. Қазіргі кезде француздар Еуропа елдері бойынша алғы лекте. Коронавирус жұқтыру дерегі бойынша Ресей мен Испаниядан кейінгі ел.

Хабар 24 телеарнасы