432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Иорданияда демалыс күндері коменданттық сағат енгізілді

  • 94
  • UPD: 14:51, 11.10.2020
Иорданияда демалыс күндері коменданттық сағат енгізілді фото: РИА Новости

Еуропа мен Америкада ғана емес, қазір Азия құрлығында да коронавиурспен күрес маңызға ие болып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мысалы, кешелі бері Иордания билігі де қатаң санитария талаптарын енгізді. Мақсаты түсінікті, тұрғындар арасында қауіпті вирус таралуын тежеу. Жаңа ережеге сай, адамдардың көшеге шығуына толық  тыйым салынды. Көшеде тек медициналық қызметкерлер мен эпидемиологиялық зерттеу жүргізетін мамандар ғана жүре алады. Полиция коменданттық сағат қағидаттарына сай тәртіптің сақталуын қатаң қадағалайды. Мектептерде сабақ жұмадан бастап белгісіз уақытқа тоқтатылды. Студенттер қашықтан оқуға көшірілді.

Айта кетейік, Иорданияда коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша күн санап артып келеді. Қазіргі кезде 23 мың 998 дерек тіркелді. 181 науқастың қайтыс болғаны жайында хабарланды.

Аммар Мути, эпидемиолог:

- Демалыс күндері коменданттық сағат енгізілгені дұрыс болды. Біздің топ емін-еркін эпидемиологиялық зерттеу жүргізе алады. Көшелер бос. Қажетті үйге кедергісіз жылдам жететін боламыз. Кейде коронавирусты жұқтырған науқаспен байланыста болғандарды тексеру 5 күнге созылады. Себебі бір адам 200 дей адаммен байланыста болып үлгереді. Шектеу шарасының қатаңдатылуы өте орынды болды.

Хабар 24 телеарнасы