428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстік Кореяда әскери парад өтті

  • 160
  • UPD: 12:10, 11.10.2020
Солтүстік Кореяда әскери парад өтті фото: GETTY IMAGES

Солтүстік Кореяда парад өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еңбек партиясының 75 жылдығы кең көлемде атап өтілді. Ел тарихындағы торқалы тойдан қалыс қалған ешкім жоқ. Әскерилер де жоғары дайындықпен келіпті. Әсіресе, көпшілік назарына жаңа қару үлгілерін ұсынуға да асық болған секілді. ВВС мәліметіне сүйенсек, парадта әсіре ауыр қару санатына жататын құрлықаралық баллистикалық зымыран және су асты қайықтарын жоюға арналған баллистикалық зымыран үлгілері көрсетілген.

Ондаған мың әскерилер мен ел алдында сөз сөйлеген КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын азаматтардың патриоттық көзқарасы дүниежүзін дүр сілкіндірген қауіпті індеттен де сақтап тұрғанын айтты. Қазір мемлекетте бірде-бір тұрғынның коронавируспен ауырмағанын айтып мақтанды. Бүкіл әлем бетін бүркесе, біздер ондайдан аулақпыз дегенді де танытқысы келсек керек, ешкім бетперде таққан жоқ. Ким Чен Ын оңтүстіктегі бауырларына жанашырлық танытып, Оңтүстік Корея және бүкіл әлем қауіпті вирусты тезірек жеңсін деген тілегін айтты. Сырт көз әлгі тілекті емес, баллистикалық ракета туралы көп пікір білдіруде. Сарапшылар «әлгі зымырандар көп ұзамай елдегі Қарулы күштер қарамағына өтіп, мемлекеттік қауіпсіз күзетінде қызмет ететін болады» деп топшылауда.

Хабар 24 телеарнасы