429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ «Дельта» дауылынан кейінгі шығынды есептеуге кірісті

  • 84
  • UPD: 12:45, 11.10.2020
АҚШ «Дельта» дауылынан кейінгі шығынды есептеуге кірісті

Америка кезекті дауылдан кейінгі шығынды есептеуге кірісті. «Дельтаның» мінез көрсетуі кешелі бері әлеуметтік желіге тақырып болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мысалы, Луизиана штатында әуеден түсірілген мына бір көріністер дүлей дауылдың қаншалықты ашулы екенін анық аңғартатындай. Сағатына 160 шақырым жылдамдықпен соққан жел жолдағыны түгел ұшырып әкетуге қабылетті еді. Электр бағандары құлап, желі үзіліп, жүздеген тұрғын жарықсыз қалды. Көптеген үйлер қирады деген де деректер бар. Дауылды бақылау жөніндегі АҚШ Ұлттық орталығының хабарламасына жүгінсек, дауыл күші бәсеңсіген сыңайлы. Алайда аймақта қатты жауын жауды. «Дельта» Америка жағалауының мазасын алған оныншы маусымдық дауыл. 1916 жылдан бері ел табиғаттың тосын мінезінен бұлай қиналмап еді. Бұл да бір ерекшелік болып тұр.

Хабар 24 телеарнасы